Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Aqtobe телеарнасының жұмысымен танысты

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Aqtobe өңірлік телеарнасының жұмыс барысымен танысты.

Өңір басшысының қолдауымен өткен жылдың соңында телеарнаның материалдық-техникалық базасын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды.
Облыс әкімі эфирге шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа техникаларды аралап көрді. Қазір арнаның хабар тарату кестесінде барлығы 35 бағдарлама бар, ал оның ішінде 19-ы өңірлік телебағдарлама.

Телеарна ұжымымен тілдесу барысында облыс әкімі жедел, толыққанды, әрі расталған ақпаратты жеткізуде БАҚ қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтып, «Ауыл аманаты» жобасының жүзеге асырылу барысын насихаттауда белсенділік танытуға шақырды.

💬 «Ең алдымен ауыл мәселесін шешпей, қала мәселесі шешілмейді. «Ауыл аманаты» жобасы ауылдарымыздың әл-ауқатын арттыруға, ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын көтеруге бұрын-соңды болмаған мүмкіндіктер беріп отыр. Тұрғындардың бұл жобаға қатысудың қаншалықты қарапайым екенін түсінуі үшін қатысу ережелерін кезең-кезеңімен түсіндіріп, несиелерді ресімдеудің және өңдеудің барлық тәртібін көрсету қажет. Сондай-ақ қазірдің өзінде жүзеге асырылған жобалардың нәтижесін телеарна эфирінен халыққа көрсетіп, үгіт-насихат жұмысын күшейтуіміз керек», – деді Ералы Тоғжанов.

Журналисттермен кездесу барысында кәсіби кадрлардың тапшылығы, олардың әлеуметтік қамтылуы секілді басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button