Жаңалықтар

Ақтөбеде еліміздің ұлттық қауіпсіздік қызметінің 30 жылдығына арналған шағын футболдан республикалық турнирі басталды

Спорттық жарысқа ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің еліміз бойынша барлық департаменттерінің өкілдерінен тұратын 20-дан астам команда жиналды.

Спорттық шараның ашылу салтанатына Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов қатысты.
💬 «Ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз етуге жауапты қызметкерлердің кәсіби шеберлікпен қатар, салауатты өмір салтын ұстанып, отандық спортты ілгерілетуге үлес қосқаны бізді  қуантады. Бұл ел жастарының бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттырып, үлкен спорттың дамуы мен жоғары жетістіктерге деген құлшынысты оятары анық.
Дене шынықтыру мен спортты дамыту – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі, өйткені Мемлекет басшысы алдымызға қойған міндеттердің бірі – ұлт денсаулығын нығайту. Жарыс жоғары деңгейде өтетініне сенімдімін. Жарыс алаңында әділ төрелік болып, нағыз мықтылардың жеңіс тұғырынан көрінуін тілеймін»,
деп атап өтті Е. Тоғжанов.

Тартысты доданың нәтижесі бойынша жеңімпаздар 26 мамырда анықталады.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button