Жаңалықтар

Облыс әкімі Серік Шаңғұтовты мерейтойымен құттықтады

Ералы Тоғжанов облыстың Ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Шаңғұтовты 70 жас мерейтойымен құттықтады.

💬 «Қазақстанды дамытуға, тәуелсіз еліміздің нық қалыптасуы үшін тер төккен ардагерлерге қамқор болу – қоғамның басты басымдықтарының бірі. Осынау мерейлі күнде елімізге сіңірген адал да абыройлы еңбегіңіз үшін риясыз алғысымды білдіремін.
Қалың көпшілік Сізді маңызды мемлекеттік қызметтерді абыроймен атқарған білікті басшы ретінде таниды. Қазіргі ұрпақ аға буын алдында үнемі қарыздар болады. Еш қиындыққа қарамастан, біздің елдің жарқын болашағы үшін сіз тынбай еңбектеніп келесіз. Сіздің әрбір қажырлы еңбегіңіз бен жетістігіңіз жастарға үлгі»
деп тілек білдірді Ералы Тоғжанов.

Өз сөзінде Серік Шаңғұтов өңір басшысына ризашылығын білдірді.

 💬 «Сіздің қолдауыңызбен өңірде ақсақалдар институты белсенді дамып келеді, оны Ардагерлер кеңесі ерекше бағалайды. Жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, халқымыздың салт-дәстүрін сақтап қалу, қарияларға құрметпен қарау қазіргі қоғамда өте маңызды рөлге ие болып отыр. Жастарды игілікке тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды жүргізуді біз яғни ақсақалдар міндетіміз деп санаймыз», – деп алғысын айтты Серік ақсақал.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button