Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов өндірістегі төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» жұмысшыларының  отбасыларына көңіл айтты

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Мұғалжар ауданының Жаңажол кен орнында өрт кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.
«Суыт хабарды естіп, қабырғамыз қайысты. Сіздерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Бұл істің тергеу жұмыстары менің жеке бақылауымда. Оның қорытындысы бойынша орын алған оқиғаға жол берген кінәлілерге қатысты тиісті шаралар қабылданады», – деді облыс әкімі туыстарымен әңгімелесу барысында.

Естеріңізге сала кетейік, орын алған оқиғадан кейін зардап шеккендерге 1 млн теңге көлемінде біржолғы өтемақы төленген болатын. Қаза тапқандардың отбасыларына 5 млн теңге мөлшерінде біржолғы сақтандыру жәрдемақысы төленеді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, балаларына асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша берілетін жәрдемақы тағайындалады.
Қызметкерлердің қайтыс болу фактісі бойынша Полиция департаментімен ҚР ҚК 292-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы құрамына кәсіпорынның, еңбек ұжымының, кәсіподақ комитетінің, облыстық өнеркәсіптік қауіпсіздік департаменті және ТЖД өкілдері кіретін топтық жазатайым оқиғаны арнайы тергеу жөніндегі комиссия құрды.
Арнайы тергеу материалдары іс жүргізу шешімін одан әрі қабылдау үшін құқық қорғау органдарына беріледі.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button