Жаңалықтар

Цифрлық майнинг төлемі

Брифинг

Биыл 1 қаңтардан бастап «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекстегі цифрлық майнинг үшін төлемді реттейтін 11-параграфқа өзгерістер енгізілді. Осыған орай өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтті.

Майнинг ағылшын тілінен аударғанда «өндіру» деген мағынаны білдіреді. Цифрлық майнинг блокчейн технологиясы арқылы жұмыс істейді. Ал майнинг қызметін ұсынатын адам «майнер» аталады.

Мұнда Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің бас мамандары Абат Бекмурзин мен Шәуреш Шакирова «Цифрлық майнинг» бойынша декларацияны ұсыну жөніндегі міндеттемелер» тақырыбында әңгімеледі.

— Мәселен, Салық кодексінің 606-2-бабына сәйкес цифрлық майнингті жүзеге асыратын ұйымдар майнинг үшін төлемақы төлеушілер болып есептеледі. Сондай-ақ майнингті жүзеге асыратын тұлғалар осы жылдың 1 қаңтарынан бастап 880.00 салықтық есептілік нысанын (СЕН), яғни цифрлық майнинг төлеміне қатысты декларацияны жергілікті Мемлекеттік кіріс органына ұсынуы қажет. Ұсыну мерзімі тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірілмей төленуге тиіс.Ал цифрлық майнинг үшін төлемақы төлеу 105 317 бюджеттік сыныптама коды бойынша жүзеге асырылады, дейді Шәуреш Шакирова.

Ал Абат Бекмурзин Салық кодексінің606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес майнинг қызметіне жұмсалған төлемақы мөлшерлемесі сағатына тұтынған электр энергиясының құнынабайланысты болатынын жеткізді.

— Мысалы, егер сағатына жұмсалған 1 киловатт электр энергиясының бағасы 17 теңге болса, онда төлем сомасы 1 киловаттэлектр энергиясы үшін 9 теңге болады. Егер сағатына тұтынған 1 киловатт электр энергиясының бағасы17,1 немесе 17,9 теңге болса, онда төлем сомасы 1 киловатт үшін8 теңге болады. Өз электр энергиясын пайдаланған жағдайда майнинг мақсатында сағатына жұмсалған 1 киловатт үшін төлемақы мөлшерлемесі 10 теңгемен есептеледі.Электр энергиясын тұтыну көлемін есепке алатын бақылау аспаптары болмаған немесе олардың ақауы бар болған жағдайда, онда төлемақының мөлшерлемесі сағатына тұтынылған электрэнергиясының әр киловаты үшін 25 теңгеден есептелмек, — деп түсіндірді бас маман.

 А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button