Жаңалықтар

Қоғам қолдауы қажет

Жемқорлықпен күрес

Дүйсенбі күні облыстық әкімдік ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет пен құндылықтарды насихаттау» тақырыбында кездесу өтті. Басқосуға облыстық кәсіподақ орталығы, еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті өкілдері жиналды.

Мақсат — әр еңбек ұжымында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін салалық мамандандырылған кәсіподақ ұйымдарын біріктіру, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы, діни бірлестіктер, саяси партиялар және үкіметтік емес ұйымдардың арасындағы байланысты нығайту.

— Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құралдары мен қылмыстық-құқықтық шаралар қанша жерден тиімді болғанмен, олқоғамдық қолдау таппаса, сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан бұл мәселеде азаматтық қоғамның атқарар рөлі зор, — деді облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Есқали Саламатов.

Жиын барысында еңбек ұжымдарында осындай тақырыптағы кездесулердің кестесін бекіту, мүдделер қақтығысын реттеу және шешім қабылдаудың ашықтығы мен жариялығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Сонымен бірге кәсіподақ ұйымдарымен бірлескен шараларды өткізу ұсынылды.

Облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың басшысы Абдухат Мырзалиннің айтуынша, биыл кәсіпорындарға 150 тексеріс жүргізіліп, еңбек заңнамасын бұзған 160 факт анықталған. Соған сәйкес 7,7 миллион теңгеге айыппұл салыныпты.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button