Жаңалықтар

Ел құрметіне ризамын

Алғыс

Өзім үшін құтты мекен болып саналатын өнегелі өңірдің халық қалаулылары «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» деген атаққа мені лайықты деп тауып, қолдау көрсетіпті. Мұндай құрмет ерекше тебірентті, жүрегімді толқытты.

Үш жарым жылдай басшылық жасаған Ақтөбе облысының халқына өздеріңізбен бірге жасаған еңбегіме берген оң бағаларыңыз үшін алғыс айтамын.

Сол уақыттарда жергілікті кәсіпкерлердің, ірі шетелдік инвесторлардың қолдауымен бой көтерген білім ошақтары, әлеуметтік нысандар, спорт, мәдениет ғимараттары бүгінде халыққа қызмет көрсетуде. Олардың қатарында ERG компаниясы шығармашылық академиясын, CNPC компаниясы өнер орталығын, «Орыс мыс компаниясы» АҚ мүгедек балаларды оңалту орталығын салды. Сондай-ақ мұз сарайы, жедел жәрдем станциясы, тағы басқа ірі нысандар облыс орталығының тұрғындарының игіліктеріне пайдаланылуда. Бұл мені азамат әрі басшы ретінде қуантады.

Жалпы мен Ақтөбе өңірін басқарған кезеңде 383 нысан мемлекеттік-жекеменшік қаржысы есебінен бой көтерді. Сонымен бірге аз ғана уақыт ішінде «Нұр Ақтөбе», Батыс-2, 3 шағын аудандарының негізі қаланып, олардың дамуына серпін берілді.

Ақтөбенің абыройын асқақтатқан бәріміз жұмыла жасаған еңбек біздің болашақ ұрпаққа қалдырған мұрамыз деп білемін.

Ал арада біршама уақыт өтсе де, сол уақыттардағы еңбегімді бағалап, ізгі тілектерін жеткізіп отырған Ақтөбе жұртшылығына ризашылығымды білдіріп, елге құт-береке тілеймін!

Құрметпен, Бердібек САПАРБАЕВ,

мемлекет және қоғам қайраткері.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button