Жаңалықтар

Депутаттар біліктілігін арттырады

Семинар

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақтөбе облысы бойынша филиалы «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін күшейтудің заманауи тәсілдері» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.

Семинарда бюджетті құру, мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жаңа архитектурасы, тиімді депутаттық қызметті ұйымдастыру, көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары, әлеуметтік желілердегі коммуникацияларды басқару, мәслихат депутаттарының сайлаушылармен өзара қарым-қатынасы және депутаттың этикасы мен имиджі сияқты тақырыптар қозғалды.

Бұл іс-шарада депутаттарға мәслихаттың жергілікті деңгейдегі бюджет процесіндегі рөлі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бір аптаға созылған семинарда бюджеттік жоспарлау, халықтың қажеттіліктерін бюджеттеу, жергілікті деңгейдегі аудит тақырыптары бойынша ақпараттар түсіндірілді. Депутаттар сайлауалды науқан кезінде де тұрғындармен кездесіп, түйткілді мәселелерді шешуіге уәде берген еді. Қазіргі уақытта Сүт зауыты маңайындағы түйткілді мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соның ішінде иесіз қалған трансформаторларды қалпына келтіру бойынша әкімдікке ұсыныс жіберілді, — дейді V округ бойынша Ақтөбе қалалық мәслихат депутаты Шынар Ершілік.

Бір аптаға созылатын семинарда академияның облыстық филиалының профессоры Раушан Есберген, филиалдың штаттан тыс дәріскері Салтанат Оңғар, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі Серик Ұрынбаев, заң ғылымдарының магистрі Нұргүл Үрбісінова тренинг өткізеді.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button