Жаңалықтар

Ақтөбеде Назарбай Блиев атындағы физика-математика олимпиадасының жеңімпаздары марапатталды

Ақтөбеде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Назарбай Блиев атындағы физика және математика пәндері бойынша облыстық олимпиаданың жеңімпаздары марапатталды. 

Зияткерлік сайысқа қатысушыларды Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен профессор Назарбай Блиев құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.

💬 «Мемлекет ғылымға қызығушылық танытқан жастарға барлық жағдай жасауда. Жас зерттеушілерді қолдау шараларының арқасында елдегі ғалымдар саны артып келеді. Сіздер секілді дарынды оқушыларымыз ертең біздің көрнекті жерлесіміз, академик Назарбай Блиевтің ізімен жүріп, отандық ғылымның дамуына өз үлестерін қосатынына сенімдімін», – деді Ералы Тоғжанов.

Математика және физика пәндері бойынша облыстық олимпиадаға өңіріміздегі жалпы білім беретін мектептерінің 9-сыныбының 100-ге жуық оқушысы қатысты. 14 оқушы жүлделі орындарды иеленді.

💬 «Олимпиадада барлығы бірдей жеңімпаз бола алмайды, бірақ негізгі мақсат жүлде алу емес. Мақсат – сіздің талантыңызды түсінуге мүмкіндік беру, оған қатысудың өзі – үлкен жетістік. Өз қабілеттеріңізді тынымсыз дамытыңыздар. Бұл үшін менің туған Ақтөбе облысында барлық жағдай жасалып жатқанын көріп отырмын және сол үшін аймақ басшылығына алғыс айтқым келеді. Мен облыс әкімінің облыстық мектеп олимпиадасына қатысып, оқушыларды құттықтап, ізгі тілектерін білдіргенін бірінші рет көріп отырмын. Осындай қолдаумен сіздердің болашақтарыңыз зор болатынына сенімдімін», деді Назарбай Блиев.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен қатысушыларына сыйлықтар табысталды.

  Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button