Жаңалықтар

Отбасы мәселелері – партия назарында

AMANAT партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің отырысы өтті.

Іс-шарада отбасыларды, балаларды өмірлік қиын жағдайдан шығару, зорлық-зомбылықтың және қатыгездіктің алдын алу және азаматтарды жұмысқа орналастыру, қысқа мерзімді оқыту сияқты өзекті мәселелер көтерілді.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары Бибігүл Бисенғалиеваның айтуынша осы жылдың қаңтар-сәуір айларында Ақтөбе қаласы мен аудандарда 10 410 жұмыс орындары құрылған.

Мамыр айына дейін 14 608 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды. Мәселен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 108, «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне 3163 адам бағытталды. Сондай-ақ 168 адам жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болса, 4612 адам бос жұмыс орындарына орналастырылған.
– Мобильді топтар жыл басынан өңірдің ауылдық округтерінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осындай іс-шара 47 округте өтті. Жұмыспен қамтуға бағытталған шаралар әр отбасының әл ауқатын арттыру, табысын кеңейтуге мүмкіндік береді, – деді ол.
Облыстық Полиция Департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Ақгүл Қасанғалиева орын алған тұрмыстық зарлық-зомбылық жағдайлары туралы жан-жақты айтып берді. Жыл басынан бері облысымызда әйелдерге қатысты 440 қылмыстық іс қозғалыпты. Оның ішінде кісі өлтіру, денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстары бар. Жанжалға қатысты 540 адамға әкімшілік хаттама толтырылған. 19 адам өз-өзіне қол жұмсаған.
Облыстық білім басқармасы басқарма басшысының орынбасары Дина Жаманбаева және облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық -демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Гүлжан Маханова осы қылмыстардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды айтты.
Кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Марат Қойлыбаев және партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Асел Сарманова қазіргі өзекті мәселелер бойынша баяндамашыларға сұрақтар қойды. Әсіресе ойынқұмарлықтың жолын кесу, психотроптық дәрілердің заңсыз және рецепсіз сатылымын шектеу, әлеуметтік желідегі ақпаратты бұрмалаушылықтарға жаза қолдану секілді ұсыныстарды республикалық қоғамдық кеңеске жолдап, мәжіліс депутаттарымен нақты шаралар қолдануға күш салу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ қоғамдық кеңес мүшелері осындай қылмысты азайту үшін әкелер институтын көтеру қажет деген тоқтамға келді.

Меңтай Бектұрсынова

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button