Жаңалықтар

«Мейірім» орталығындағы кездесу

Қолдау

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығының жасөспірімдерімен кездесіп, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Өңір басшысы мекемеге 23 компьютер, 17 велосипед сыйға тартып, жасөспірімдердің денсаулығын бақылау үшін емдеу кабинетін жабдықтап берді.

«Мейірім» орталығы 2017 жылдан бастап жұмыс істейді.  Онда балалар үйінің 16-29 жас аралығындағы түлектері тұрады. Негізі тұрғын үй ғимараты 80 адамға арналған.

Орталықта өмір сүруге қолайлы жағдай жасаумен қатар, жастарды қазіргі қоғамға бейімдеуге, педагогикалық, психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсетуге ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі уақытта орталықта 60 тәрбиеленуші тұрады, оның ішінде 27-сі — студент, 32-сі — жұмыс істейтін жастар, 1 тәрбиеленуші — әскерде.

Айтып өту керек, соңғы 5 жылда 85 түлек «Отбасы банк» АҚ салымшылары ретінде жалдамалы тұрғын үйге ие болды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button