Жаңалықтар

Ана мен бала денсаулығы

Конференция

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде акушер-гинекологтердің облыстық конференциясы өтті. Оған университеттің оқытушылары мен профессорлық құрамы, сондай-ақ тәжірибелі дәрігерлер, акушер-гинекологтер қатысты.

Облысымызда 928161 мыңнан астам адам тұрса, соның 473074-і әйелдер. Оның ішінде 16-49 жастағы әйелдер саны —207017.

Облысымызда 170 акушер-гинеколог жұмыс істейді. Өткен жылдың қорытынды есебі бойынша 4860 сәби өмірге келді. Осы жолғы конференцияда оннан астам баяндама тыңдалып, ана мен бала өлімінің себептері талқыланды. Дәрігерлер үшін бұл іс-шараның маңызы зор. Олар осы семинардан алған білімін күнделікті клиникалық тәжірибеде қолдана отырып, ана мен баланың денсаулығына жауапты болады. Сәбидің өмірге сау келуі ата-анасына тікелей байланысты, — дейді   облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының акушерлік және балалар ісі жөніндегі орынбасары Бақытжан Түлкібаева.

Жыл сайын акушер-гинекологтердің біліктілігін арттыру мақсатында семинарлар жиі ұйымдастырылатын болады. Шағын елді мекендердегі мамандардың тапшылығын болдырмау үшін жас мамандар жұмыспен қамтылуда.

Сәби сүю үшін оны 3-4 ай бұрын жоспарлау керек. Ол үшін салауатты өмір салтын ұстанып, гинеколог дәрігерге уақтылы қаралу керек. Алған білімімізді ана мен бала денсаулығын жақсартуға арнаймыз, — дейді №3 қалалық емханасының акушер-гинекологі Эленора Қыдырбаева.

№1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Светлана Шиканова жасөспірімдер арасында жасанды түсіктің көптігі алаңдатып отырғанын айтады.

Облыс бойынша әйелдердің түсік жасатуы 12,9 пайыз шамасында. Соның ішінде жасөспірімдер  арасында жасанды түсікке баратындар азаймай тұр, — дейді ол.

 Ақмарал МҰҚАШЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button