Жаңалықтар

Отбасы — бақыт мекені

15 мамыр — Халықаралық отбасы күніне орай облыстық дін істері басқармасы мен «Жарық» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен діни және этномәдени бірлестіктер өкілдері арасында «Отбасы — бақыт мекені» атты интеллектуалдық сайыс өтті.
— Іс-шара мақсаты — этномәдени және жергілікті діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, отбасы құндылығын арттыру, — дейді іс-шараны ұйымдастырушы Аян Задыбек.
Діни және этномәдени бірлестіктің өкілдері арасындағы сайысқа алты команда қатысып, отбасы құндылығы, оның ішінде ұрпақ тәрбиесі мәселесі туралы айтылды. Сонымен қатар сұрақ-жауап арқылы білім-біліктіліктерін көрсетті. Қазылар алқасының шешімімен командалар «Білімді отбасы», «Креативті отбасы», «Өнерлі отбасы», «Патриотты отбасы», «Үлгілі отбасы», «Шығармашылық отбасы» номинацияларыы бойынша марапатталды.

Толағай БҰРХАНҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button