Жаңалықтар

Отбасылар марафоны

Жыл сайын 15 мамырда БҰҰ Бас Ассамблеясы 1993 жылы бекіткен Халықаралық отбасы күні атап өтіледі.
Ақтөбе облысында Халықаралық отбасы күні қарсаңында мәдени және спорттық шаралар, үлгілі отбасылармен кездесулер өткізілуде. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда ашық есік күндері, білім беру мекемелерінде — психологтардың қатысуымен ата-аналар жиналысы, «Менің отбасым» суреттер конкурсы, «Отбасы ағашы» акциясы аясында жас көшет отырғызу ұйымдастырылды.
Облыс әкімі жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы дене тәрбиесі және спорт басқармасымен бірлесе отырып Триатлон-паркте 2400 метр қашықтыққа 32 отбасылық жұптың қатысуымен «Махаббат марафонын» ұйымдастырды.
Марафонға бес бала тәрбиелеп отырған ақтөбелік Саламат және Алма Отарбаевтар да қатысты. Саламат — Бейжіңдегі олимиадалық ойындарға дзюдодан қатысушы, Азия чемпионатының қола жүлдегері, Алма — дзюдодан еліміздің төрт дүркін чемпионы. Олар өздерінің бойындағы спортқа деген құштарлығын балаларының бойына да сіңіруде.
Сайыстың шарты бойынша жарысқа қатысушылар мәре жолына тікелей шыққан кезде қол ұстасып өтуі тиіс.
Жеңімпаздар 35 және 45 жасқа дейінгі, сондай-ақ 45 жастан асқандар категориялары бойынша марапатталды. Оларға бесік, қоларба, жүріс арбасы, сондай-ақ спорттық бұйымдар тапсырылды.
Марафоннан соң шығармашыл отбасылық жұптар сахнаға шығып, «Өнермен өрілген өмір» концертіне қатысты.
А. Мәлікқызы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button