Жаңалықтар

5 қауіпті аймақ және жалған нөмірлер

Брифинг

Талдау қорытындысы бойынша Самара-Шымкент автокөлікжолының 5 учаскесі қауіпті екені анықталды. Бұл аумақтар Қобда, Өлке, Ақжар, Дөң, Бөгетсай ауылдарына жақын орналасқан.

Республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарда орнатылған камера, планшеттердің көмегімен бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 37 жүргізуші, жалған мемлекеттік нөмірлері бар 3 жүргізуші ұсталған. Сондай-ақ 13 мемлекеттік нөмір тәркіленіпті. Бұл туралы  өңірлік коммуникациялар қызметіндеөткен брифингте айтылды.

Брифингке облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары  Қанат Әлиев қатысты. Оның мәлімдеуінше, жалпы облыста криминогендік жағдай тұрақты.

Профилактикалық шаралардың арқасында соңғы 5 жылда облыстағы қылмыстың динамикасы төмендеген (2018 жылы 14357-ден 2022 жылы 6555-дейін). Осы кезеңде қылмыстық құқықбұзушылықтан зардап шеккендер саны 2 есеге азайыпты. Дегенмен 4 айдың қорытындысы бойынша жасөспірімдер қылмысы артқан. Жалпы,кәмелетке толмағандардың қатысуымен 45 қылмыс тіркелген. Сот шешімімен 7 ата-ана құқығынан айырылыпты.

Өңірде жол көлік оқиғаларытөмендеген.

Дегенмен республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарда көз жұмғандар мен жараланғандардың саны өсті.Әсіресе Самара-Шымкент автожолындағыапаттардың салдары көп, — деді Қанат Әлиев.

Оның айтуынша, шетел азаматтарының қатысуымен 12 жол-көлік оқиғасы болған. Соның салдарынан 12 адам қайтыс болып, 14 адам дене жарақатын алды.

Осыған байланысты «Әлімбет» және «Жайсаң» шекара бақылау пункттерінде, сондай-ақ Қызылорда, Қостанай және Атырау облыстарымен шекараларда (апатты қауіпті учаскелерде) жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ «Қазавтожол»мекемесінің өкілдерімен бірлесіп, «Жолда қабылдау» акциясын өткізілуде.

Жол апаты оқиғаларына жан-жақты талдау жүргізілді. Қорытындысында 5қауіпті  учаске анықталды. Олар: Самара-Шымкент автожолының 623(Қобда ауылына жақын), 790 (Өлкеге жақын), 806 (Ақжарға жақын), 840 (Дөңге жақын), 892-шақырымдары(Бөгетсайға жақын). Осыған байланысты облыс әкімдігіне Самара-Шымкент автожолының құрылысы туралы ұсыныстар берілген болатын. Ұсынысымыз қолдау тапты. Қазір автожол жобасы әзірленіп жатыр, — дедіоблыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары.

Автожолдардың қауіпті учаскелері туралы жүргізушілерді қосымша ақпараттандыру үшін республикалық, облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы 70 учаскеге түрлі белгілер орнатылған.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында цифрлық технологиялар қолданылып жатыр. 17 жерде жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін 61 камера, «арқан-қорғау» қосымшасына қосылған планшеттер пайдаланылады.

Аталған қондырғылардың көмегімен бұрын көлік жүргізу құқығынан айырылған 37 жүргізуші, жалған мемлекеттік нөмірлері бар 3 жүргізуші ұсталды. Айыппұл салу үшін 51 автокөлік қамауға алынды, сондай-ақ 13 мемлекеттік нөмір тәркіленді (патрульдік полицейлердің күнделікті анықтауын есептемегенде), — деді Қанат Әлиев.

Брифингте облыс аумағында барлығы 10,5 мыңға жуық шетелдік бар. Украинаның екі азаматына «босқын» мәртебесі және 23 азаматына «пана іздеген адамның куәлігі»беріліпті. Сондай-ақ аталған елдің 7азаматына тұрақты тұруға рұқсат берілген.

Облыста қаңғыбас иттер бойынша да біршама жұмыс жүргізіліп жатқаны айтылды. Қаңғыбас иттерді аулау — ветеринарлық станция қызметкерлерінің міндеті.

Ветеринарлық станцияның мәліметі бойынша 969 ит ауланып, 3930 ит жойылған.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button