Жаңалықтар

Оқушылар сап түзеді

Жас сарбаз

8 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы «Қазақ халқына мың алғыс» стеласының алдында қала мектептеріндегі әскери-патриоттық клубтары мүшелерінің салтанатты саптық қойылымы өтті.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 31 жылдығына арналды.Оған қаладағы әскери-патриоттық клубтардың 560 тәрбиеленушісі мен ата-аналары, ауған соғысының ардагерлері, отставкадағы әскери қызметкерлер, Чернобыль апатын жоюға қатысушылар және жергілікті әскери басқару органдарының өкілдері шақырылды.

Саптық қойылымға 20-дан астам қала мектептерінің әскери-патриоттық клубтары қатысты.

Олардың әрқайсысының өз атауы бар. Клубтар Кеңес Одағы батырларының немесе халық батырларының есімімен аталады. Онда мектеп оқушылары аптасына 3-4 рет жүйелі түрде оқиды. Балалар әскери және денешынықтыру даярлығынан өтеді.Кейбір мектептерде кәсіптік оқыту бар. Болашақ электриктерді, дәнекерлеушілерді, автоэлектриктерді даярлайды. Қала мектептерінде 78 әскери-патриоттық клуб бар. Біз бұл бағытта 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Барлық үйірме «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігінің қарамағында,— дейді қалалық білім бөлімінің әдіскері, запастағы капитан Серік Сраж.

Салтанатты әскери саптық қойылымда Сазды орта мектебінің «ЖасҰлан» балалар үрлемелі аспаптар оркестрі өнер көрсетті.

№55 мектеп-гимназия мен №74 орта мектептің әскери-патриоттық үйірмелерінің мүшелері қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін және атыс қаруын қолданудағы шеберлігін көрсетті.

Мұндай іс-шаралармаңызды әрі қажет. Кеңес заманында оқу-ағарту жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Қазір де болашақ қорғаушыларымызды жастайынан даярлап, оларды отансүйгіштікке баулуымыз керек,—деді ҚР Қарулы Күштері ардагерлері қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе қалалық филиалының төрағасы Қажымұхан Сәтенов.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button