Жаңалықтар

«Ақтөбеден мың бала әскерге аттанады»

7 мамыр — Отанқорғаушылар күні мерекесінде 45 ақтөбелікті әскерге шығарып салған облыс әкімі Ералы Тоғжанов осылай деді. Тәуелсіздік монументі алдында өткен әскерге шығарып салу салтанатына қатысқан облыс басшысы жас сарбаздарға сәт-сапар тіледі.

Ақтөбелік жастар әскери борышын Ақтау қаласындағы №51809 әскери бөлімде өтейтін болады. Салтанатты шараға әскер қатарына алынушылардың ата-аналары, бауырлары, Ақтөбе қаласындағы №6655 Ұлттық ұлан және №30238 әскери бөлімінің қызметкерлері, сонымен қатар «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері жиналды.

— Еліміздің тірегі — мықты да қуатты әскер. Міне, сіздер сол Отанымыздың тыныштығын күзетуге аттанып бара жатырсыздар. Әскерге барып, отанды қорғау — ер жігіттің борышы. Сіздер ол жақтан әскери шеберліктеріңізді шыңдап, темірдей тәртіпке үйреніп, кез келген уақытта Отанын қорғай алатын нағыз азамат боп ораласыздар. Алдарыңызда жаңа өмір, жаңа өзгерістер күтіп тұр. Әскери қызметкер болып жұмысқа орналасып, сол жақта қызметті жалғастыруға болады. Әскерден келгенннен кейін де жоғары оқу орындарына еш кедергісіз түсугемүмкіндіктеріңіз бар. Сіздерді Отан алдындағы әскери борышын адал, абыроймен атқарып келеді деп сенемін, — деген облыс басшысы мереке күні әскерге аттанған әр сарбазға үйлерімен байланысып отыру үшін ұялы телефон сыйлады.

Шығарып салушылардың арасында болған Ауған соғысының ардагерлері, шетелдерде әскери борышын өтеген офицерлер, әскери шенді қызметкерлер сөз сөйлеп, жастарға жігер берді.

Биыл ҚР Қарулы Күштерінің  қатары мыңнан аса ақтөбелік сарбаздармен толығады.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button