Жаңалықтар

Жас сарбаздармен кездесті

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде жас сарбаздармен кездесу өтті.

Отан қорғаушылар күніне орай өткізілген шарада алдымен №60 және №69 орта мектептің оқушылары әскери қызметшілердің жұмысымен танысты. Балалар әскери қалашық алаңындағы көліктерді тамашалап, сарбаздардың жатын орны мен асханасын, шеберхана бөлмесін аралап көрді. Ал комиссия мүшелері әскери бөлімнің жай-күйін тексеріп, кейін жас сарбаздармен сұхбаттасты.

Жұмыс жоспарына сәйкес әскери бөлімнің тұрмыс жағдайымен танысып қана қоймай, сарбаздарға құқықтық, медиаторлық, психологиялық қолдау көрсетуге келдік. Біздің құрамда облыстық комиссия, аналар кеңесінің мүшелері, «Бақытты отбасы» орталығының мамандары, психолог, суицидолог,медиаторлар бар. Қажет болсажас сарбаздаросы мамандардың көмегіне жүгіне алады, — деді аталған комиссияның хатшысы Гүлжан Маханова.

Мамандар мен сарбаздар арасындағы еркін форматта өткен отырыста отбасы құндылықтары, салауатты қарым-қатынас туралы ақпараттар айтылды. Мәдениет саласының ардагері жас ұрпақтың бойына мәдениет пен өнерді дарытудың маңызы туралы сөз қозғады. Шара соңында сарбаздармен ашық әңгіме өрбіп, жеке қабылдаулар да өткізілді.

Насиба ЗАРЛЫҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button