Жаңалықтар

Уақытында тапсырылады

Өзекті

Облыс әкімі ЕралыТоғжанов бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын тексеру мақсатында Ақтөбе қаласындағы құрылысы ұзаққа созылған нысандарды аралады.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. ЕралыТоғжанов алдымен «Арайлы» тұрғынүй кешенінің және бұрынғы «Космос» қонақ үйінің орнында салынып жатқан нысанның құрылыс барысын тексерді.

«Космос» тұрғын үй кешенінің құрылысы жыл соңына дейін аяқталуға тиіс.Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме кешен маңындағы алаңды да абаттандыруға ниетті. Қазір демеушілік қаражат есебінен қоғамдық кеңістік жасау үшін учаске таңдап жатыр.

Облыс әкімі барған 12-шағын аудандағы «Арайлы» тұрғынүйкешенінің екінші кезегінің де аяқталмай тұрғанына көп болды. Құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан кәсіпкер тұрғын үйді осы жылдың екінші тоқсанында пайдалануға беретіндерін айтты.

Өңір басшысы ғимараттардың сыртқы қасбетіне ерекше мән беру керектігін еске салды. Үй дизайны эстетикалық жағынан ерекшеленіп, оған заманауи материалдар қолданылуы керек.

Облыс әкімі №12 мектепке жапсарлай салынып жатқан құрылыс барысымен де танысты. Бұл жердегі жұмыстар биыл жазда аяқталады. Нәтижесінде үш ауысымда оқыту мәселесі шешілмек.  Мектеп ауданы 2,5 мың шаршы метрге ұлғайып, қосымша тағы 300 оқушы қабылдайтын болады.

Бүгінгі таңда өңір басшысының тапсырмасымен проблемалық нысандарды уақтылы тапсыру және зардап шеккен үлескерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында шаралар кешені әзірленіп, «Құрылыс кооперативтерінің проблемалық мәселелерін шешу жөніндегі жол картасы» бекітілді. Ақтөбеде 11 проблемалық үлескерлік құрылыс нысаны бар. Олардың құрылысын жалғастыратын әлеуетті инвесторлар анықталды, бірнеше материал құқыққорғау органдарына талқылауға берілді.

«Жилище» ТК алаңында облыс әкімі жер учаскесін рәсімдеуге, құрылыс жұмыстарын бастауға қатысты мәселелерге қызығушылық білдірген үлескерлермен кездесті.Үй құрылысын аяқтауға міндеттеме алған «Альянс Б-2» ЖШС компаниясының өкілі Ералы Тоғжановқа жұмыс бастауда ешқандай проблема жоқтығын, құрылыс материалдары жеткілікті екенін айтты. Жер учаскесін беру рәсімі қысқамерзімде аяқталады.

Сіздердің үйлеріңізді аяқтауға уәде берген мердігерлерге барлық жағынан көмектесеміз. Үйдің құрылысын тезірек аяқтап, өз пәтерлеріңізге кірулеріңіз үшін біз қолымыздан келгеннің бәрін істеп жатырмыз, — деді  Ералы Тоғжанов.

Облыс әкімі барған «Эксклюзив» тұрғын үй кешенінде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бес қабатты 3 үйдің біреуі — мамыр айында, қалған екеуітамызда пайдалануға беріледі. Кейін іргелес аумақты абаттандыру жұмыстары басталады.

Өңір басшысы барған соңғы нысан Мұстафа Шоқай көшесіндегі учаске болды. Батыс-2 шағын ауданындағы көпқабатты үй жерасты паркингімен бірге салынуда. Нысанды 2025 жылы аяқтау жоспарланған, алайда облыс әкімі пайдалануға беру мерзімін кешіктірмеу үшін құрылыс кестесін қайта қарауды тапсырды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button