Жаңалықтар

Ералы Тоғжанов Super Bol жобасының екінші маусымының басталуымен құттықтады  

Бүгін Ақтөбеде футболдан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің базасында Super Bol жобасының екінші маусымының өңірлік іріктеу туры басталды. Жобаның басты мақсаты –  талантты жастарды таңдау, олардың кәсіби спортшылармен екі ай бойы жаттығуына мүмкіндік беру.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Super Bol реалити-шоуының жаңа маусымының басталуымен құттықтап, кастингтің барлық қатысушыларына сәттілік тілеп, өңірде футболдың дамуына ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.

💬 «Біздің облыста 2 мыңнан астам секция болса, онда 44 мыңнан астам адам футболмен айналысады. Сонымен қатар, өңірде 2012 жылдан бастап кәсіби клубтардың жас футболшыларды даярлауына мүмкіндік беріліп, «Ақтөбе» футбол орталығы құрылды, қазір жұмысын жалғастыруда. Онда УЕФА-ның «А» және «В» санаттарындағы лицензиялары бар білікті жаттықтырушылар жұмыс істейді. Бүгінде футбол орталығының 15 филиалында 600-ге жуық бала айналысады. «Ақтөбе» ФК – қазақстандық футбол тарихындағы ең үздік командалардың бірі. Super bol жобасының арқасында футболдың жаңа жұлдыздары жанатынына, олардың ішінде ақтөбеліктер де болатынына сенімдімін. Жобаның басталуымен құттықтаймын және барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін», – деп атап өтті Ералы Тоғжанов. 

Іріктеу ойындары Қазақстанның 14 өңірінде өтеді. Финалдық іріктеу Алматыда ұйымдастырылады. Кастингке 16-24 жас аралығындағы 50 адам қатысады,, оның 25-і базаға жіберілсе, қалғандары резервке енеді. Кәсіби жаттықтырушылар және футболшылармен бірге реалити-шоуға қатысушылар жаттығу процесіне қатысады.

Жоба ұйымдастырушыларының айтуынша, былтырғы жобаның арқасында көптеген адам спортқа жолдама алған. Атап айтқанда, бірден тоғыз футболшы кәсіби клубтармен келісімшартқа отырды

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button