Жаңалықтар

Ақтөбе облысында теміржолшылар көгершін өсірушілер клубын құрды

Ақтөбе локомотив депосының бұрынғы машинисі Төремұрат Батырғарин 2017 жылы зейнетке шыққан соң кептер өсіруді қолға алады. Бүгінде оның 100-ге жуық құсы бар.

Төремұрат Батырғариннің айтуынша, әр көгершіннің адам сияқты өзіндік сипаты бар. Олар сыртқы түрімен, көлемімен ерекшеленеді.

💬 «Көгершіндер – бейбітшілік пен достықтың символы. Бұл менің хоббиім, рахаттанамын, нағыз терапия. Аспанда ұшқан, қалықтаған құстарды бірнеше сағат бойы бақылай аламын және бұл шаршағанды басады»,деді ол.

Теміржолшы көгершіндер көрмелеріне үнемі қатысады, тіпті жүлделі орындарға ие болған. Біржола хоббиіне айналған кәсібінің арқасында теміржолшылар арасында көгершін өсірушілер клубын құрды.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button