Жаңалықтар

Алдағы мерекелер қалай тойланады?

Брифинг

7 мамыр — Отан қорғаушылар күнін, 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күнін мерекелеу аясында облысымызда ауқымды шаралар өтеді.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Серік Қонақбаев айтып берді.

Оның айтуынша, облыста Отан қорғаушылар күніне арналған шаралар Т.Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында, Өнер орталығында, Ақтөбе қаласындағы №30238 және №6655 әскери бөлімдерінде өткізіледі. Сондай-ақ 5-7 мамыр аралығында «Ерлікке тағзым» акциясы аясында қала аумағында орналасқан 40-тан астам ескерткішке гүл шоқтары қойылады.

9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облысымызда қалған үш соғыс ардагеріне

 2 миллион 140 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Ал Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілгендерге 100 мың теңге көлемінде көмек беріледі. Қазір олардың саны 415 адамға жетіп отыр. Бұдан бөлек, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің жесірлеріне (149 адам) 50-100 мың теңге көлемінде қолдау көрсетілмек. Мерекеде облыс бойынша онлайн форматта

«Ер есімі — ел есінде» патриоттық шарасы ұйымдастырылады. Сондай-ақ қаланың 11 алаңында концерттік шаралар өтеді, — деді басқарма басшысының орынбасары.

Айта кету керек, биыл 9 мамырда облыста өтетін барлық шарада қазақстандық «Жеңіс лентасы» жаппай таратылады.

                        Данагүл ҚАЗИХАН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button