Жаңалықтар

Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытында өртті жою бойынша шаралар қабылдануда

Жаңажол кен орнындағы №2 газ өңдеу зауытында өртті жою бойынша шаралар қабылдануда.

1 мамырда сағат 15:55-те 112 пультіне Мұғалжар ауданы Батпақкөл ауылдық округі Жаңажол кен орнында «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ №2 газ өңдеу зауытының аумағында УПЛУ-1 (жеңіл көмірсутектер алу қондырғысы) өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Күйік шалған 4 жұмысшы Темір ауданының орталық ауруханасына шұғыл түрде жатқызылды.
Зардап шеккендер тұрақты ауыр жағдайда.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен облыстық ТЖД өкілдері оқиға орнын әуеден тексерді.

Өртті жою бойынша жедел штаб құрылды. Қызыл жалынды сөндіруге 52 құтқарушы мен 9 техника жұмылдырылды.

Оқиғаның себеп-салдары анықталады.

Өрт 20:35-те оқшауланды, өртті сөндіру жалғасуда.

Д.АЙДАР. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button