Жаңалықтар

Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы аулааралық жолдарды жапқан заңсыз қоршаулар алынуда

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Қоныс» спорт сарайы мен «Рахат» кешенінің артындағы темір қоршауларды бұзуға қатысты бұрын жүктелген тапсырмалардың орындалуын тексерді.

Шамамен бес жыл бұрын заңсыз орнатылған қоршаулар бұзылып, аумақта санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Еске сала кетейік, өңір басшысы қысқа мерзімде сот арқылы мемлекеттік меншікке қайтарылған «Қоныс» спорт сарайының артындағы жер учаскесін пайдалану жөнінде ұсыныстар әзірлеуді тапсырған болатын. Қазір бос жерді қоқыстардан тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Ералы Тоғжановқа осы учаскеде іске асырылуы мүмкін бірнеше жобалар таныстырылды, алайда олардың барлығы қайта пысықталып, қоғамдық пікірді ескере отырып, қабылданады.

Жұмыс барысын бағамдаған облыс әкімі қаланың сәулеттік келбеті мен коммерциялық нысандардың қасбеттерін сәйкестендіру міндетін қойды.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button