Жаңалықтар

Ақтөбе облысында ақбөкендерді әуеден санау басталды

Қазақстанның басқа өңірлеріндегідей, Ақтөбе облысының аумағында киіктердің санын анықтау үшін оларды әуеден зерттеу басталды.

Әуе есебін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК өңірлік филиалының қызметкерлері басқа мамандармен бірлесіп жүргізеді.

«Біздің облыста Бетпақдала және Үстірттегі ақбөкендерге авиациялық есеп жүргізілуде»,- деп атап өтті «Охотзоопром» өңірлік филиалының басшысы Болатбек Лайықов.

Өткен жылғы әуе есебінің деректері бойынша Үстірт популяциясындағы ақбөкендердің саны 28 мыңды, Бетпақдаладағы ақбөкендердің саны 500 мың басты құрады. Сол кезде Ақтөбе облысының аумағында аталған популяциялардың 100 мың басы бары анықталған.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button