Жаңалықтар

Оралмандар мәселесі — ой өзегі

Облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы қоғамдық-саяси кеңестің кезекті отырысы өтті. Оған саяси партиялар мен бірқатар облыстық басқарма басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Басқосу барысында үстіміздегі жылдың 25-27 мамыр күндері Астана қаласында өткен Дүние жүзі қазақтарының IV құрылтайының маңызы жайында әрі аймақтағы оралмандарға қатысты бірқатар әлеуметтік мәселелер сөз болды. Атап айтар болсақ, оралмандарды тіркеу әрі оларға азаматтық беру ісін жылдамдату, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз ету мәселелері де жан-жақты талқыланды. Жұмысқа жарамды оралман отбасы мүшелерін жаңа мамандық алу үшін қысқа мерзімді курстарда оқыту жайы да айтылды.
Отырыста «Руханият» саяси партиясы облыстық филиалының басшысы Базарбай Иманов, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы Кемейдолла Төлеубай және құрылтайға аудандардан барған делегаттар сөз сөйлеп, өз ойларын ортаға салды.
Кеңес соңында оралмандарға қатысты бірқатар мәселелер бойынша нақты ұсыныстар қабылданды.
Арайлым НҰРБАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button