Жаңалықтар

Премьер-Министр  — Әлихан Смайылов

Үкімет

Мәжіліс депутаттары Премьер-Министр лауазымына Әлихан Смайыловты тағайындауға келісім берді.

Дауыс беру барысында жалпы отырысқа қатысқан 97 депутаттың 82-сі оның кандидатурасын қолдады. 7 депутат қарсы шығып, 8 депутат қалыс қалды.

Премьер-Министрдің кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен Amanat партиясы ұсынды.

Кеше Палата депутаттарының басым бөлігі келісім бергеннен кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-Министр лауазымына қайта кіріскен Әлихан Смайылов Үкімет алдағы уақытта шешетін негізгі міндеттерді атады.

Орта мерзімді кезеңде ел экономикасының өсуін 5 пайызға жеткізу және осы жылдың аяғына дейін инфляция деңгейін 2 есеге төмендету міндеті қойылып отыр.

«Ақтөбе ақпарат».

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button