Жаңалықтар

Биылдыққа 20,2 мың гектар жер учаскесі қайтарылды

Президент тапсырмасынан соң

2026 жылға дейін жыл сайын облысымызда пайдаланылмайтын 500 мың гектар ауыл шаруашылығы алқаптары мемлекетке қайтарылуға тиіс. Бұның орындалу деңгейі қалай?

Облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Аманқұловтың айтуынша, өңірде 2021 жылы 512 мың гектар,                  ал былтыр 535 мың гектарауыл шаруашылығы бағытындағы жер учаскелері қайтарылыпты.

— Өткен жылы департамент мамандары 395 тексеріс ұйымдастырды. Нәтижесінде 288 заңбұзушылық анықталды.

Биылғы 2 айда 47тексеріс жүргізілді. Жыл басталғалы 20,2 мың гектар ауыл шаруашылығы жерлері қайтарылды.

Сонымен қатар қазіргі уақытта облыстағы жер учаскелерін тиімді әрі ұтымды пайдалану мақсатында елді мекендегі жайылымдық жерлердің көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда. Аудандар бойынша жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі 85,8 мың гектарды құрайды. Атап айтқанда, Алға ауданында — 33,3 мың гектар, Мәртөк ауданында — 19,2 мың гектар, Темір ауданында — 12,3 мың гектар және Ақтөбе қаласы аумағында — 21,0 мың гектар, — дейді ол.

Мұнымен бірге биыл мемлекет меншігіне қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің интерактивті картасының (jerkarta.gharysh.kz) геосервисі әзірленгені айтылды. Бұл азаматтардың мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерін кез келген уақытта бақылау үшін жасалып отыр.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте спикер тұрғындардың сұрақтарына да жауап берді.

 Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button