Жаңалықтар

Ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу қалай жүзеге асады?

Брифинг

Сейсенбі күні өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экспорттық бақылау бөлімінің басшысы Дәурен Қайболдинов биыл 1 сәуірден бастап тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеу бойынша пилоттық жобаның аяқталғанын жеткізді.

— Мемлекеттік кірістер комитеті «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп,2023 жылдың 15 наурызындағы №278 бұйрыққа сәйкес тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды беру қағидаларына өзгерістер енгізгенін хабарлайды. Осы өзгерістерге сәйкес осы жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде мұнай өнімдеріне, алкогольдік ішімдіктерге және қадағалануға жататын тауарларға виртуалды қойма қолданылады. Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында импортқа немесе экспортқа шығарылатын өнімдерге виртуалды қойма қолданылмайды. Осылайша алдағы уақытта Қазақстан ішінде тауарларды сату кезінде оларға ілеспе жүкқұжаттарды тіркеу өнімдердің үш санаты бойынша жүзеге асады. Ал басқа тауарлар үшінілеспе жүкқұжаттарды рәсімдеуерікті түрде жүзеге асырылады, — деді бөлім басшысы.

Оның айтуынша, енгізілген өзгерістер Қазақстан Республикасы ішінде тауарларға ілеспе жүк құжаттарды тіркеу міндеттемелерін 16 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

 Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button