Жаңалықтар

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Ауыл аманаты» жобасы бойынша өтінімдерді қарап, саралайтын Жобаларды басқару департаментінде болды

Мұнда менеджерлер жобаға қатысамын деген ауыл тұрғындарына қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша кеңес беріп, құжаттарын жинауға көмектеседі, несие рәсімдеп, ісін бастаудың қыр-сырын үйретеді.

Өңір басшысы орталыққа келген әрбір ауыл тұрғынымен тілдесіп, жобаның тиімділігі туралы сөз етті.

Жобаларды басқару орталығының мамандары 12 ауданға бөлініп, бекітілген.

Орталық таңғы сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Бір күнде менеджерлер 10-нан астам өтінім қабылдайды. Бүгінде 3 млрд теңгеге 611 ақтөбелік өз шаруасын бастауға ынталы. Жобалардың көбі құс, өсімдік шаруашылығы бағытында. Жылыжай ашуға ниетті ауыл тұрғындары да бар.

Былтыр елімізде алғаш рет «Ауыл аманаты» жобасы  Ақтөбе облысында бастау алды. Тәуелсіздік алғаннан бері алғаш рет өңірдің барлық 134 ауылдық округіне скрининг жүргізілді, әрбір округтің әлеуметтік-экономикалық даму жоспары әзірленді, жұмыссыз адамдардың, АӘК алушылардың, өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың тізімдері жасалды.

Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button