Жаңалықтар

Ақтөбенің туристік әлеуеті артады

Брифинг

Өткен жылы өңірге келген туристер саны 137 мыңға жеткен, оның 19 мыңы — шетелдіктер. Бұл ақпаратпен облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы НұрханТлеумұратов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бөлісті.

Сондай-ақ ол өңірдің туризм саласын дамыту және туристік әлеуетін арттыру мақсатында бірқатар нақты жұмыс жүргізілгенін айтып, өткен жылы атқарылған шараларды атап өтті.

Алдыңғы жылы Ақтөбе облысында екі ірі іс-шара өткіздік. Оның бірі — «Шексіз аспан» атты әуе шарлары фестивалі болса, екіншісі — жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Qargaly Fest» халықаралық фестивалі. Оған 30 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ бұл фестиваль аясында «Qazaq Man»  триатлон жарысы өткізілді.

Сонымен қатар шетелдік туроператорлар мен блогерлердің қатысуымен ақпараттық тур ұйымдастырдық.Оның барысында республика бойынша алғаш рет «өнеркәсіптік туризм» таныстырылды. Олар Қарғалы және Байғанин аудандарына барып, Қарғалы су қоймасы, Қасқыр сарқырамасы, Ақтолағай бор таулары және Аққұм  туристік орындарын көріп қайтты, — деді ол.

Басқарма басшысының айтуынша, e-Qonaq ақпараттық жүйесіне 2022 жылдың қорытындысы бойынша Ақтөбе облысында 25 мыңға жуық шетел азаматы тіркелген. Осы көрсеткіш бойынша Ақтөбе өзге қалалармен салыстырғанда үздік бестікке кіреді екен. Одан бөлек өткен жылдың шілдесінен бастап «Sargyt» мейрамхана кешенінде «Visit Aktobe» туристік ақпараттық орталығының кеңсесі жұмыс істейді. Бүгінде VisitAktobe сайтын 21,2 мың адам қарайды.

Мемлекет тарапынан көмек аз көрсетіліп жатқан жоқ. Өткен жылы жеті кәсіпкерге қайтарымсыз грант беріліп, оларөңірде алғаш рет глэмпингтер орналастырды. Соның бірі — Қасқыр сарқырамасында.

Туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында «KRich» қонақүй кешендері, «Meduza» аквапаркі және «Sultan», «Tazauly» кемпингтері пайдалануға берілді, — дейді Нұрхан Тлеумұратов.

Сонымен қатар ол туризм саласына тартылған инвестиция көлемі өткен жылы 13,4 млрд теңге болғанын, жоспар 103 пайызға орындалғанын айтты. Ал биылғы жоспар 15,2 млрд теңге.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button