Жаңалықтар

Қобда ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен отбасылардың 60-тан аса балалары сауықтыру лагерінде демалады 

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасымен Қобда ауданының Қобда ауылындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасылардың балалары көктемгі демалыстарын «Күншуақ» сауықтыру лагерінде өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны кезінде 79 үй су астында қалып, 316 адам қауіпсіз жерге көшірілді, оның ішінде 209 ересек, 107 кәмелетке толмаған бала бар. Екі апта ішінде 64 оқушы лагерьде денсаулығын жақсарта алады.

Сонымен қатар, Қобда ауданына жіберілген «Ауыл аманаты» керуені аясында дәрігерлер 105 тұрғын, оның ішінде 17 балаға кеңес берсе, су тасқынынан залал келтірілген үйлердің 33 тұрғынына қажетті медициналық  және психологиялық көмек көрсеткен.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button