Жаңалықтар

Ойыл ауданында жағдай тұрақталды

Бүгін тасқын судың қысымы мен Ойыл өзені деңгейінің күрт көтерілуінен Ойыл ауданы Қаратал ауылының айналасына қойылған құмнан жасалған қорғаныш үйінді елдімекеннің батыс бөлігінен келген суға төтеп бере алмады, үйіндіні су шайды.

Ауылды су басу қаупі туындады.  Жергілікті атқарушы органдар Қаратал ауылындағы мектепке тұрғындарды көшіру, сондай-ақ шайылған үйінді аумағын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Облыс әкімі Е.Тоғжанов Қаратал ауылында болды. Өңір басшысы халықпен кездесу барысында тұрғындарды дүрбелең туғызбай, сабырлық танытуға шақырып, барлық қажетті шаралар қабылданып жатқанына сендірді.

Су тасқынынан екі үйді, 12 аула аумағын су басты.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде су деңгейі төмендеді.

Халыққа төнген қауіп жоқ, мектепке көшірілген тұрғындар үйлеріне қайтуда.

Барлық зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button