Жаңалықтар

Су тасқыны орын алған Ақтөбе облысының бес ауылындағы жағдай – бақылауда

Барлық елдімекендерде азық-түлік пен дәрі-дәрмектің қажетті қоры бар.

Жергілікті атқарушы органдар мен полиция күшімен кезекшілік ұйымдастырылды. Өз елдімекендерінен тыс жерде көрсетілетін шұғыл медициналық көмекке мұқтаж азаматтар құтқарушылардың күшімен медициналық мекемелерге жедел жеткізілетін болады.

Қобда ауданының әкімі Болат Құлов бүгін түстен кейін Жарық ауылында жергілікті тұрғындармен кездесті. Қосымша азық-түлік жеткізілді. Осындай жұмыстар қалған 4 ауылда жүргізілуде.

Сонымен қатар, Қобда ауылында залалды бағалау жөніндегі комиссия ертең жұмысын бастайды.   Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес барлық зардап шеккен азаматтарға жан-жақты жедел көмек көрсетіледі.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button