Жаңалықтар

Ауа температураның күрт көтерілуіне және жауын-шашынға байланысты Ақтөбе облысының бірқатар аудандарында су елді мекендерге жақындады

13 наурызда даладағы еріген судың салдарынан Қобда ауылында бірнеше үйді, Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты мен кафені су басты. Суды жіберу үшін Жедел штаб аудан орталығы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» тас жолында канал қазу туралы шешім қабылдады. Барлық көлік құралдарының қозғалысы тоқтатылды.

Халыққа және Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлеріне көмек көрсету үшін облыстық Полиция департаментінің жиынтық жасағының қызметкерлері Қобда ауданының аумағына жіберілді. Полицейлер су басқан үйлердің тұрғындарын және мал-мүлкін эвакуациялап, жол бойына құм төсеумен, құм дорбаларын дайындаумен айналысады. Сонымен қатар, полиция ауыл тұрғындарының мүлкінің сақтауының қадағалайды.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button