Жаңалықтар

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауданының Қобда ауылында су тасқынына қарсы штабтың шұғыл отырысын өткізді.

Бүгін өңір басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елдімекенді су басудың алдын алу және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында 13 наурызда бұзылған «Самара-Шымкент» халықаралық маңызы бар жолдың 613-шақырымында металл су өткізгіш құбырларды орнату және инертті материалдармен толтыру жөніндегі жұмысты аяқтауды тапсырды.

Тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі Ералы Тоғжанов зардап шеккен әр отдастға қажетті көмек берілетінін атап өтті.

💬«Ауданда комиссия құрылып,  үйлер тексерілетін болады. Біз барлығына қолдау көрсетеміз, қаражат бөлеміз, мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз. Бұл жағдайға мұқият талдау жүргізіліп, су тасқынының қайталануына жол бермеу шаралары қабылданады»,- деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Қобда ауданындағы жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынды.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button