Жаңалықтар

Ақын мемлекеттік қызметшілермен кездесті

Әдеби кеш

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен елімізге белгілі ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері Ертай Ашықбаевтың шығармашылығына арналған әдеби кеш өтті.
Кеште сөз алған департамент басшысы Талант Медет бұл кездесудің мақсатына тоқтала келіп:
— Ақын — ақиқаттың жаршысы. Ақынның шығармашылығымен танысу арқылы рухани азық беретін осындай іс-шаралар мемлекеттік қызметшілер үшін ауадай қажет әсіресе жастардың елге деген патриоттық сезімін шыңдауға септігін тигізеді, — деді.
Мемлекеттік қызметшілер құрметті қонағына көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Кеш барысында Ертай ақынның сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың әні «Астана вальсі» орындалып, кездесу көркін аша түсті.
Сөз соңында Ертай Ашықбаев кешті ұйымдастырушыларға алғысын айтып, жас мемлекеттік қызметшілерге әдеби кітаптарды көп оқу керегін айтты. «Наданмен дос болма, кітаппен дос бол» деген даналар сөзі бекерге айтылмаса керек.
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғимаратында өткен әдеби кештен мемлекеттік қызметшілер ерекше әсермен тарасты.

Сәнім ҚУАНТАЕВА,
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button