Жаңалықтар

Ойдағы елдің жайы…

Ойыл ауданының Көптоғай ауылдық округіндегі Шұбарши елді мекенінің көшесіне су кірген. Бұл — 1993 жылдан бергі болып тұрған жайт. Қырдан аққан суды елді мекендерге жақындатпау үшін жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ал өзеннің арғы бетіндегі Қарасу ауылына қатынас қиындап тұр.

Өткен жылы аудан орталығы мен Қаратал ауылына баратын жолдың бойындағы су өткізгіш құбырдан тасыған су жарып кеткен еді. Биыл да сондай қауіп жоқ емес. Сол тұста Екпетал, Жаңабаз ауылдары судың өтінде тұр.

Қазір бар техника мен адам күші су басу қаупі бар жерлерге жұмылдырылған.

Әзірге бірде-бір аула мен үй суға кеткен жоқ. Барлық сақтық шараларын қолданып жатырмыз. Кейбір ауылдарда судың беті қайтты. Ағыс саябырлады. Күндіз-түні кезекші бригада күзетеді. Қар суынан амалдауға болады. Ал жоғары жақтан келетін сумен толығып, Қиыл мен Ойыл қатар тасып, өзен көтерілсе,  Екпетал ауылына қауіпті. Сондықтан ауылдың айналасын биіктету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қалай болғанда да тұрғындар су тасқынына зардап шекпеуге тиіс, — дейді аудан әкімінің орынбасары Мұратбай Айдарбаев.

С.ЖҰБАНҒАЗИН.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button