Жаңалықтар

Тәулік бойы кезекшілік

Темір ауданының орталығы Шұбарқұдық кентінің кейбір аумақтарын су басты. Аталған ауылдық округтің әкімі Қайрат Нұралының айтуынша, қазіргі таңда жағдай толық бақылауда.

— Наурыздың 6-сынан 7-сіне қараған түні қатты жауын-шашын мен ауа райының күрт жылынуы салдарынан Шұбарқұдық кентіне қызыл су кірді. Көшелерді су басып, ауылға кіреберіс жолды шайып кетті. Қазіргі таңда су ағыны тоқтатылып, топырақ төселді. Жағдай түзелді. Ол үшін 6 Камаз көлігі, ассенизаторлар жұмылдырылды, — дейді ол.

Сондай-ақ сол кенттегі Қызылжар шағын ауданын да су басқан. Мұнда да су тасқынына қарсы шаралар күшейтіліп, жауапты мекеме қызметкерлері жіберілген.

Ауданда тәулік бойы кезекшілік құрылған.

Мұнымен бірге құтқару қызметіне Алтықарасу ауылдық округінен 6 шақырым жерде Ойыл өзенінің ортасында «Даулет» шаруашылығының малы қалып қойғаны жөнінде хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына 8 құтқарушы мен 2 техника, 1 моторлы қайық жіберіліп, жедел әрекеттің арқасында 12 жылқы, 110 сиыр судан шығарылған.

Айәли АЙБЕК.

Темір ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button