Жаңалықтар

Ақтөбедегі Ахуалдық орталық күн сайын 2000-нан астам өтінім қабылдайды

Ақтөбе облысы әкімдігінің жанында жұмыс істейтін Ахуалдық орталықта барлығы 80-нен астам мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен ұйымдар, абаттандыру, өңір тұрғындарының қауіпсіздігіне жауап беретін коммуналдық қызметтер шоғырланған.

109 нөмірлі Call-орталық 24/7 режимінде халыққа тегін көмек көрсетеді.

Талдау қызметі облыс тұрғындарының Call-орталыққа, мессенджерлерге келіп түсетін барлық өтініштерін, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тәулік бойы мониторинг жүргізу арқылы анықталған шағымдарды өңдейді және оларды мемлекеттік органдарға, аудандар мен Ақтөбе қаласының әкімдіктеріне жолдайды.

Әрбір шағым сыни деңгей бойынша қаралады, егер адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнсе, онда мәселе бойынша шешім бірден қабылданады. Басқа жағдайларда жауаптар 120 минут ішінде беріледі.

Тәулігіне 2000-нан астам қоңыраулар мен өтініштер келіп түседі. Әрбір өтініш, оған жедел және сапалы ден қою – өңір басшылығының жіті бақылауында. Әр өтініш иесімен кері байланыс орнатылады.

Су тасқыны кезеңі басталғалы Ахуалдық орталықта диспетчерлер саны артты. Олар 6 наурыздан бастап облыс тұрғындарынан қар шығару және еріген қар суын сору туралы 1000-нан астам өтінім қабылдады. Барлығы пысықталды.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button