Жаңалықтар

Ақтөбеде Наурыз мейрамы қарсаңында жәрмеңке өтті

Наурыз мейрамы қарсаңында Ақтөбедегі «Табыс» коммуналдық базарында облыстық ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Алға, Қарғалы, Мұғалжар, Мәртөк және Қобда аудандары мен Ақтөбе қаласының 60-тан астам ауылшаруашылығы тауарын өндіруші  және қайта өңдеу кәсіпорындары ақтөбеліктерге өз өнімдерін ұсынды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша, Наурыз мейрамына арналған жәрмеңкеде 2 тоннадан астам сиыр еті, 300 келідей қой еті мен 1 тоннадан аса сүт өнімдері, жұмыртқа, өсімдік майы мен басқа да өнімдер сатылымға шығарылды.

Жәрмеңке сөрелеріне шығарылған өнімдердің бағасы әдеттегідей облыс орталығында басқа базарларға қарағанда 10-15 пайызға төмен болды. Сиыр еті – 1950, қой еті 1900 теңгеден сатылды.

Сондай-ақ, бүгін «Табыс» коммуналдық базары алаңында киіз үй тігілді, Наурыз көже әзірленіп, ұлттық тағамдар жұртшылыққа ұсынылды. Жәрмеңкеге келген сатып алушылардың көңіл-күйін көтеру мақсатында Мәртөк ауданының өнерпаздары мерекелік әндер шырқап, концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button