Жаңалықтар

Волонтерлер 17 үйдің ауласын қардан тазартып жатыр

Қысылғанға қол ұшын созатын еріктілер бұл жолы қарияларға көмектесуді құп көріпті.

Облыстық жастар ресурстық орталығы белсенді волонтерлерді жұмылдырып, Алматы ауданында тұратын  жалғызілікті 17 қарттың үйінің ауласын қардан тазартуға кірісті.

— Қалалық әкімдіктің берген тізімі бойынша кеше қаламыздағы волонтерлік топтардың белсенділерімен бірге Промышленная, Жазықов көшелерінде тұратын қариялардың үйінің ауласын қардан тазарттық. Енді қалған қариялардың үйлерінің аулаларындағы қарды сыртқа шығарып береміз. Үйілген қарды көшеден арнайы техникалар алып кетеді. Әр үйге 5-6 волонтерден бөлінді. Қар аршуға жігіттер тартылды, ал қыздар үйдің ішін жуып-тазалауға көмектеседі, — дейді облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрлыбек Мусин.

Ізгілікті іскеАқтөбе қалалық жастар ресурстық орталығының өкілдері,«Volonter.2020_aqtobe» қоғамдық бірлестігінің, «Волонтеры КРМУ», «Жұбанов жылуы», «Медик волонтер», «Мұрагер», «Жас сақшы», «Аңсар» секілді волонтерлік тобының белсенділері атсалысты.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button