Жаңалықтар

Қала әкімі Мұрат Жөребеков су тасқынының жүйелі себептерін атады

Бүгінгі күні қалада су тасқынына қарсы шаралар күшейтілді. Осыған байланысты қала әкімі Мұрат Жөребеков қала көшелерін су басу себептері туралы айтты:

“Құрметті қала тұрғындары!
Осы күндері қала көшелерін су басу салдарынан қолайсыздық туып, қиын сынақты өткерудеміз.

Бұл маусым біз үшін оңайға соқпады. Апта бойы жауған қар аралас жаңбыр салдарынан жауын-шашын мөлшері айлық норманың 81 пайызын құрады. Өткен түнде жауған жаңбыр мөлшері 12 мм-ге жетті. Бұл бір айлық норманың үштен бірінің түскенін білдіреді.

Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл қар 2 есе көп жауды. Күн былтырғы жылдан 3 апта бұрын күрт жылынды. Бірақ, әңгіме онда емес.

Алдымен, неліктен біз жыл сайын осындай жағдайға тап боламыз деген сұраққа жауап берейік. Бұл жағдайдың қайталануының себебі неде? Саралап қарасақ, себептері санаулы ғана.

1) Қаланы қардан тазарту.
Қар толық көлемде дұрыс шығарылмайды және оның салдарынан күн жылыған бойдан жаппай еріп, көшелерді су басып жатады. Бұл жерде тұрғын массивтерді қоса алғанда қала аумағын қардан тазалауға бөлінетін қаржы өлшемінің қаншалықты сәйкес екенін зерделеп қарау керек. Яғни, осыдан қар тазалау техникасы бізге жеткілікті ме және саны көп мердігерлердің жұмысын бақылауды қалай жақсартуға болады деген сұрақтар туындайды.

2) Суағарлар, арналар, арықтар, яғни жол инфрақұрылымы. Біздің қаламызда ол дамымаған, ескірген және көп жерлерде суағарлар мүлдем жоқ. Не істеуіміз керек? Уақыт өткізбей жаңа суағарлар салуымыз және қолда барларын жөндеуіміз керек.

3) Су тасқынына қарсы жұмыстарға арналған құрылғылар мен заманауи техниканың жоқтығы қолбайлау. Жаңа заманауи насостар, жабық суағарларда қатқан мұзды тазалайтын және ерітетін, т.б. құралдарды сатып алуымыз қажет.

Жоғарыда аталған факторлар бүгінгідей жағдайға әкеліп қана қоймай, біздің жолдарымыздың сапасына да кері әсер етіп отыр. Су ауа температурасының төмендеуі кезінде асфальтті бүлдіріп, пайдалану мерзімін айтарлықтай қысқартады.

Бүгінгі таңда біз бұл мәселені жүйелі шешу үшін жұмыс жасаудамыз. Облыс әкімі қаланың барлық су басқан аймағын өзі аралап жүр. Біздің алдымызда осы мәселені уақыт оздырмай биыл шешуді бастау туралы нақты міндет қойып отыр.

Ал бүгінгі туындаған жағдайға келетін болсақ, еріген қар суынан көшелерді тез арада тазалау үшін біз барлық ресурстарымызды жұмылдырдық. Жедел штаб құрылды. Барлық күш-құралдар тартылды, су басу қаупі бар учаскелерден қар шығару жұмысы күшейтілді”.

Н.АРМАНҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button