Жаңалықтар

Су тасқыны жағдайына байланысты облыста Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды

Су тасқыны жағдайына байланысты облыста Полиция департаментінің жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген түріне ауыстырылды.

Полиция департаментінде гарнизонның жеке құрамын жеке қорғаныс құралдарымен (резеңке етік, ОЗК) қамтамасыз ету және халыққа, құтқарушыларға қоғамдық тәртіпті сақтау, сондай-ақ жолдарды жабу бойынша жәрдем көрсетудегі дайындығы тексерілді.

Сонымен бірге, су қоймаларының жағасында орналасқан елдімекендер мен саяжай массивтерін су басқан жағдайда ұрлық пен тонауға жол бермеу бойынша нұсқаулық өткізілді.

Н.АРМАНҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button