Жаңалықтар
Біршоғыр станциясында маневрлік тепловоз жолаушылар пойызымен бүйірлей соқтығысып, 2 вагонды рельстен шығарып жіберген

5 наурыз күні сағат 10:15 шамасында Шалқар ауданының Біршоғыр станциясында маневрлік тепловоз Бішкек-Самара бағытындағы №317 жолаушылар пойызымен бүйірлей соқтығысып, 2 вагонды рельстен шығарып жіберген.
Бұл мәселені облыс әкімі бақылауына алды. Өңір басшылығының тапсырмасымен пойыз жолаушыларына барлық қажетті көмек көрсетілді.
Сондай-ақ, ыстық тамақ ұйымдастырылды, оқиға орнына жолаушыларды тексеру үшін шұғыл дәрігерлер жіберілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнына қалпына келтіру пойызы жіберілді. Төтенше жағдайлар департаменті ҚТЖ-мен бірлесіп теміржолды қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.
А.МӘЛІКҚЫЗЫ.



