Жаңалықтар

Тайбек Өтегенов: «Ауыл аманаты» жобасынан күтер үмітім де, жоспарым да көп

Шалқар ауданының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі жан Тайбек Өтегенов ақтөбеліктерді «Ауыл аманаты» жобасына белсенді қатысуға шақырды.

Ол 20 жыл бұрын электр сымын байқамай басып қалып, 10 мың вольттық тоққа түсіп, екі қолынан айырылады. Соған қарамастан, мемлекеттік қолдау шараларын белсенді қолдана отырып, өз үйінің ауласында кәсібін бастайды.

💬«Мен құс шаруашылығымен 2018 жылы айналыса бастадым. «Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша 250 мың теңге көлемінде өтеусіз грант алдым. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту 2020-2025 жылдарға арналған» бағдарламасы бойынша бизнесті кеңейтуге 2 миллион теңге көлемінде несие алған. Жұмыспен қамту орталығы арқылы бір адамды жұмыспен қамтып отыр. Мен ауылда тұрып, жұмыстың  жоқтығына шағымданатын адамдарды түсінбеймін. Іс бастаймын, жұмыс істеймін дегендер үшін мүмкіндік зор. Барынша соны тиімді пайдалану керек. Өзім «Ауыл аманатына» қатысамын. Күтер үмітім де, жоспарларым да көп. Мен сияқты ауыл тұрғындарының әрқайсысы өздерінің қаржылық жағдайын едәуір жақсарта алады. Ең бастысы – ерінбеу, жалқау болмау»,- дейді Тайбек Өтегенов.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің дамуына зор үлес қосқан кәсіпкерге «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісін табыстады.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ. 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button