Жаңалықтар

Ауылды дамытудың кешенді тәсілі – Ақтөбе облысындағы «Ауыл аманаты» жобасының негізі ерекшелігі

Мемлекет басшысының жаңа мерзімдегі алғашқы Жарлығына сәйкес, Ақтөбе облысында өткен жылдың соңында «Ауыл аманаты» жобасы басталды. Жобаға ауыл тұрғындарының қызығушылығы жоғары.  Бүгін Ақтөбеде «Ауыл аманаты – Бабалар аманаты» жобасына арналған республикалық форум өтті.

«Ауыл аманаты» жобасы аясында облыстың барлық 134 ауылдық округіне скрининг жүргізілді, алынған мәліметтер негізінде аудандарды дамытудың кешенді жоспарлары әзірленді. Негізгі мақсат – қолдау шараларының «бірыңғай пакетін» іске асыру арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың толыққанды жүйесін құру. Осылайша, Ақтөбе облысындағы «Ауыл аманаты» жобасы жеке қосалқы шаруашылықтарды дамыту жолымен халықтың табысын арттыруды ғана емес, білім беруді, денсаулық сақтауды, спортты дамыту жөніндегі шараларды да қамтиды. Ауылдың әлеуметтік мәселелерін шешуге кешенді көзқарас – Ақтөбе облысындағы «Ауыл аманаты» жобасының негізгі ерекшелігі.

Мәселен, «Ауыл аманаты» аясында фельдшерлік-акушерлік пункттерді жаңғырту жобасы басталды, бұл әсіресе шалғай ауылдарға қатысты. Фельдшерлерге онлайн-диагностика жүргізу үшін инновациялық медициналық жабдықтары бар арнайы сөмкелер беріледі. Науқастар туралы барлық деректер тікелей облыс орталығына жіберіліп отырады, білікті бейінді дәрігерлер науқастың жағдайын қашықтан көруге, емдеу бойынша шешім қабылдауға мүмкіндік алады. Жоба ауылдарда көрсетілетін медициналық көмектің сапасын едәуір арттыруға септігін тигізеді. Ақтөбе облысында барлығы 300-ден астам ауылдық алғашқы медициналық көмек көрсететін нысандар бар, олардың 100-ге жуығы шалғай жерлерде орналасқан.

А.МӘЛІКҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button