Жаңалықтар

Отыздан астам ветеринар маман керек

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында
ветеринария саласында жасалып жатқан жұмыстар жөнінде айтылды.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Сәрсембай Құсайынның
айтуынша, мал, жануарлар арасында аса қауіпті аурулар таралмауы үшін түрлі
профилактикалық және диагностикалық іс-шараларды жүзеге асыруға бюджеттен
2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы
министрлігі тарапынан арнайы жоспар бекітілген. Қазіргі күні облыста жұмыстар
осы жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр.
2023 жылдың бастапқы екі айына жоспарланған жұмыстар толық орындалған. Екі
айдың ішінде 47 417 бас мүйізді ірі қара бруцеллезге қатысты тексеріліп, өкінішке
қарай оның 277-інен осы ауру анықталған. Сондай-ақ, 38 125 бас қой-ешкі
тексерілген, олардың арасында ауру малдың үлесі 0,06 пайыз (22 бас) болды.
220,5 мыңға жуық мүйізді ірі қара мен 316 мың қой-ешкі аусылға қарсы егілді.
Сондай-ақ сібір жарасына, қараса ауруына қарсы да егу жұмыстары жүргізілді. Екпе салу
одан әрі жалғаса береді.
Мүйізді ірі қара малының арасында Мұғалжар, Хромтау аудандарында бір-бірден
бруцеллез ауруының ошақтары, ал Әйтеке би ауданында инфекциялық
ринотрахеит ауруының ошағы тіркелді.
Сондай-ақ тұрғындардан түскен арыз бойынша жыл басынан бері 230 қаңғыбас ит ауланған. «Ника Ақтөбе» уақытша ұстау пунктінде 30 ит бар.
Жиында облыс көлемінде ветеринариялық мамандар тапшылығы бары да
айтылды. Бүгінде бұл салаға 34 маман жетіспейді. Сондықтан жоғары және
арнайы орта оқу орындарымен түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша
келісімдер жасалып жатыр.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button