Түсіндіру жұмыстары жүргізілді
Құқықтық сағат
Облыстық тарихи-өлкетану музейінде комплаенс қызметінің ұйымдастыруымен құқықтық сағат өтті.
Ел Президентінің Жарлығымен бекітілген «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясаты, мекемеде мүдделер қақтығысын реттеу туралы және коммерциялық пара беру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, талқыланды.
Іс-шарада музейдің заңгер-кеңесшісі, комплаенс офицері Айнұр Аймағанбетова тақырып аясында баяндама жасап, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соқтыратын фактілер мен оның алдын алу жолдарына тоқталды.
Сонымен бірге Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Бейбіт Қасаева жалпыға бірдей кезекті декларация мен оның кезеңдері, қағаз және электронды түрде қалай толтыру керектігі туралы түсіндіріп, музей қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді. Одан бөлек 2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлері және олардың жұбайларының кіріс декларациясын тапсыру туралытүсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сағымбек ҰЛЫҚПАНОВ,
облыстық тарихи-өлкетану музейінің менеджері.