Жаңалықтар

Шекара қызметі шақырады

2020 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жүйесі толық интеграцияланып, Шекара қызметінің қазіргі заманғы құрылымы құрылды.
Офицерлерді Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара академиясында даярлайды. Бұл — өткен жылы өзінің 90 жылдығын атап өткен ғасырға жуық тарихы бар жоғары әскери оқу орны.
Орта немесе арнаулы орта білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түскен жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған азаматтар жоғары білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданады.
Әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерген азаматтар және әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер жиырма төрт жасқа толғанға дейін, келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер не арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеретін қызметкерлер жиырма бес жасқа толғанға дейін оқуға түсе алады. Қазақстан Республикасы ҰҚК шекара академиясына және Ресей Федерациясының Жоғары әскери оқу орындарына түсуге үміткерлер оқуға түсу жылының алдындағы 1 қарашаға дейін тұрғылықты жері немесе қызметі бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді тапсыру және оқу тілін көрсете отырып, мынадай құжаттарды тапсырады: жеке куәліктің көшірмесі, туу туралы куәліктің көшірмесі, алты фотосурет (баскиімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см), өмірбаян және сауалнама.
Қызмет және тұрғылықты жері бойынша оқуға үміткерлер әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау үшін полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Биылғы және өткен жылдардағы жалпы білім беретін мектептердің түлектері арасындағы үміткерлер шекара академиясына ҰБТ нәтижелерімен келеді. Оларды Ғылым және білім министрлігі белгілеген тәртіпке сай таңдаған мамандығына байланысты жергілікті жерлерде тапсырады.
Шекара қызметі — әскери қызметшінің өзін де, оның отбасы мүшелерін де әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ететін кәсіби өсуге мүмкіндік беретін мемлекеттік қызметтің ерекше түрі.
Ай сайын әскери қызметшілер лауазымдық жалақыны, әскери атағы бойынша жалақыны және қызмет өткерудің ерекше жағдайлары үшін үстемеақыларды және нарядта қызмет өткеру кезінде ақшалай өтемақы төлеуді, заттай мүлікпен қамтамасыз етуді, сауықтыруға жәрдемақы төлей отырып, жыл сайынғы ақылы демалысты, тегін медициналық қамтамасыз етуді, 47 жастан бастап лайықты зейнетақыны қамтитын артықшылықтарға ие болады.
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілер тұрғын үй төлемдерін жүзеге асыру арқылы тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйесіне ауыстырылды.
Бұл ретте қызметтік тұрғын үйді одан әрі жекешелендіру мүмкіндігімен алу немесе жекешелендіруге жатпайтын қызметтік тұрғын үйді өтеусіз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай өтемақы алу құқығы сақталды.
Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері Әскери қызмет өткеру кезеңінде мемлекет есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әскери қызметшілерге ай сайын отбасының әрбір мүшесіне 31734 теңге мөлшерінде тұрғын үй төлемдері төленеді. Тұрғын үй төлемдерін екінші деңгейдегі банктер арқылы, сондай-ақ «Отбасы банкі» арқылы тұрғын үй сатып алу үшін пайдалануға болады.
Тұрғын үй төлемдері моделінің ерекшелігі – әскери қызмет өткеру кезеңінде де, қызметтен кейін де жеке меншікке тұрғын үй сатып алу арқылы әскери қызметші мен оның отбасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҰҚК ШҚ Ақтөбе облысы

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button